Ақтөбеде іздеуде жүрген адамдарды көшедегі камералар арқылы табуға болады

Ақтөбе қаласы бойынша 200-ден астам камера бар. Алдағы уақытта іздеуде жүрген адамдарды бейнекамера арқылы табуға болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында 200-ден астам бейнекамера болса, алдағы уақытта бәрі облыстық полиция департаментінің ортақ базасына қосылады. Енді әр көпқабатты үйдің подъезінде камера болады. Қазір қалалық әкімдік пен пәтер иелері кооперативі бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

«Іздеуде жүрген адамдарды көшедегі камера арқылы табуға мүмкіндік артады. Сондықтан жұмысты жандандырып, камера санын арттырамыз», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: