Ақтөбеде агенттік өкілдері кәсіпкердің жер дауын шешті


Хромтаулық кәсіпкерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері араша болды. Шағын ауылға «Салтанат сарайы» ғимаратын салуды жоспарлаған кәсіпкер жер мәселесінен қиындықтарға тап болған.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері бірлесіп, кәсіпкердің жер дауына қатысты мәселесін шешті.

«Біз Маңғыстау облысынан құрылыс материалдарын сатып алғымыз келеді. Олармен тікелей байланыс жасауға біздің мүмкіндігіміз жоқ, делдалдардан қиындық болады. Егер теміржол байланысы арқылы тасымал жасасақ, шығындарымызды екі есеге азайтамыз. Ол кезде 160 теңге тұратын кірпішті 80-90 теңгеге ала аламын», — дейді кәсіпкер Саян Жолмұхамбетов.

Саян Жолмұхамбетов Хромтау ауданының шахтерлар қалашығына салтанат сарайын тұрғызуды қолға алған. Барық құжаттарын реттеген кәсіпкер құрылыс материалдарын жеткізуде қиналып отырғанын да айтты.

«Біз кәсіпкердің өтінішін ескереміз. «Адалдық алаңы» жобасының өкілдері «ҚТЖ» АҚ мекемесімен байланысқа шығып, тікелей вагондармен қамтамасыз етуге шақырды. Бұл сұрақтардың барлығы бірлесіп шешілетін болады», — дейді «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының орынбасары Руслан Кушинов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: