Жүлде қоры 1 млн теңге: Ақтөбеде үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Ақтөбеде наурызда алғаш рет үстел теннисінен «AQTÓBE-2019» ашық бұқаралық халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жастар жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай өңірде 150-ден астам ауқымды спорттық іс-шаралар өтпек. Соның бірі — үстел теннисінен «AQTÓBE-2019» бұқаралық сайыс. Оның жүлде қоры – 1 миллион теңге. Бұл туралы баспасөз конференциясында облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: