«Zhas project» жобасы: жастарға бағыт берген тәлімгерлер марапатталды

Жыл бойы жүзеге асырылған жобалардың үйлестіруші тәлімгерлері облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың қабылдауында болды, дейді Aktobenews.kz тілшісі.

Жоба шеңберінде Ақтөбе облысында 163 бастама жүзеге асырылып, әрқайсы бір миллион теңге көлемінде гранд ұтып алды. Жас кәсіпкерлерге жол көрсетіп, бағдар берген менторларға облыс әкімінің орынбасары алғысын айтты.

«Әр жобаның артында қаншама адамның еңбегі тұр. Ұсынылған адамдар дайындалды. Қоғамдық ұйымдар арқылы үлкен жобалар жүзеге асты. Қаншама жас өзінің бастамасы мен ойларын ортаға салды. Жалғасын тауып, жүйелі жүзеге асатынына толық сенемін. Сондықтан, баршаңызға алғысымды білдіргім келеді», — деді Марат Тоқжанов.

Жобаға үлес қосқан жоғарға оқу орнының басшылары мен тәлімгерлері арнай алғыс хатпен марапатталды.
Облыстың жоба бойынша белсенділері осы аптада Астана қаласында өтетін республикалық форумға аттанады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: