Биыл Ақтөбедегі марафонға кез келген қазақстандық қатыса алады

Алғаш рет Ақтөбеде марафон қала деңгейінде емес, республика деңгейінде өтпек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мамыр айында «AQTÓBE RUN — 2019» ашық республикалық марафоны өтеді. Бұл шараға кез келген қазақстандық қатыса алады.

«Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай марафонға Азия, Африка, Аустралия мен Американың ірі шөлдерінде жалғыз өзі жүгіріп шыққан супермарафоншы Марат Жыланбаев келеді және ол ақтөбеліктерге шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, бұл жолғы марафонның тағы бір ерекшелігі оған республика бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады», — деді облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: