Ақтөбелік жас келін тегін қымыз тарату үшін құлынды бие сатып алды

Ақтөбелік жас келін тың әлеуметтік жобаны қолға алды. Ол әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тегін қымыз таратады.

Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны Анархан Бердібекова «Zhas projekt» әлеуметтік жобасына қатысып, құлынды бие сатып алды. Қазір тегін қымыз таратып отыр.

«Қымызды мүгедектерге, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратамын. Аптасына екі рет апарып беремін. Биені өзім сауып, енем қымыз ыстап береді. Өзім 22 жастамын. Жобаны дамытқымыз келеді. Осы істі кәсіп етсем деймін», — деді Анархан Бердібекова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: