Ақтөбеде түйеқұс өсіретін шаруашылық салынады

Ақтөбенің Алға ауданы, Тамды ауылында түйеқұс өсіреді. Бір мезетте көкөніс те егіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тамды ауылында 40 гектар жер бөлінді. Мұнда түйеқұс, қоян және көкөніс өсіріледі.

«Шаруашылықтың жұмысы ерекше. Төменгі қабатта түйеқұс өсіріліп, жоғары қабатта көкөніс егіледі. Екі қабатты жылыжай бұл. 2400 бас құс өсіріліп, 4 ай күтім болады. Қоян үш ай өсіріледі. Жобалық құны — 357 миллион теңге. Құрылыс биыл басталып, аяқталады», — деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: