Ақтөбеде қыз қуу ұлттық ойыны өтеді

Ақтөбеде қыркүйек айында «Ұлы даланың мұрагері» халықаралық форумының аясында ұлттық спорт түрлерінен V фестиваль өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Спортшылар 10 спорт түрінен сайысқа түседі. Бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, жамбы ату, құсбегілік, жекпе-жек спорт түрлерінен жарыс өтпек. Сондай-ақ, фестиваль барысында керемет аттар көрінісі мен қыз қуу сайысы ұйымдастырылады.

«Ақтөбе өңірінде алғаш рет өтетін ұлттық спорт фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық спортшы келеді деп күтілуде. Олар Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінен ең үздіктерін анықтау үшін таласқа түседі», — деді облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: