Қартайғанда жалғыз қалған ақтөбелік қарттар үйіне жіберілуі мүмкін

Ақтөбеде облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны Қабидолла Мұхамбетов жарықсыз, жылусыз үйінде аш қалған. Ол қарттар үйіне жіберілуі мүмкін.

Ақтөбенің Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы үйінде жалғыз қалған қарияның жағдайы көпшілікті алаңдатты. Тамағын көршілері тасып, отын жағып береді. Үй газ бен жарықтан ажыратылған. Осы күйі қария ондаған жыл бойы жалғыз тұрып келді. Аудан әкімдігі бұл жағдайға қарияның өзі кінәлі деп отыр.

«Ол біздің тарапымыздан берілетін көмектен бас тартқан. Қазір қария аудандық ауруханада жатыр, қарттар үйіне жіберу жоспарда бар. Үйіне демеушілікпен газ кіргізу, қарттар үйіне жіберу ұсынысынан бас тартып отыр. Ағайын-туыстары араласпай кеткенін айтты. Ал отбасынан бұрын ажырасып кеткен. Екі баласы Татарстанда тұрады деген ақпарат бар», — деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: