Ақтөбеде жүргізуші куәлігінің аудандарда көп берілуі мамандардың күдігін туғызды

жүргізуші куәлігінің көп берілуі сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан аудандардағы жүргізуші куәлігі берілетін орталықтарды жабу туралы бастаманы көтеріп жатыр.

«Жүргізуші куәлігін алуға байланысты қазір мәселелер бар. Республиканың бір аумағында сол құжатты алуға талдау жасалған. Аудандарда пайыздық көрсеткіш 90 пайызды құраса, ал қалада 16 пайызды көрсетті. Сондықтан осы бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Көп азаматтар аудандарға барып, жемқорлық фактілеріне жол беріп, куәліктер алып жатыр деген ақпарат бар. Бұл біріншіден сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғады, екіншіден жүргізуші куәлігін сатып алған азаматтар кейіннен қауіпсіздік ережелерін сақтамауы мүмкін», — дейді Мемлекеттік қызмет істері жәнн сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Қалаға жақын орналасқан аудандардағы жүргізуші куәлігін беретін орындар алдағы уақытта облыс орталығына көшірілуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: