Ақтөбелік кәсіпкер жылқы етін сүрлеп сатуды қолға алды

Бүгін Алға ауданының әкімі 100 миллион теңгеге салынған шаруа қожадығына журналистерді ертіп апарды. 11 гектар жерге бордақылау алаңын салған кәсіпкер ет сату кәсібін жандандырмақ.

«500 бас жылқыға арнап шаруа қожалығын аштым. Қазір мұнда 150 бас жылқы бордақыланап отырмын. Биылдың өзінде 30 бас жылқы сатылды. Етті Алматы облысы мен Ақтөбе қаласына апардым. Мал соятын арнайы орталық салып жатырмын. Өзім мал шаруашылығымен 2004 жылдан бері айналысамын», — дейді «Есбол» ШҚ-ның қожайыны Сәкен Сүйеубаев.

«Есбол» шаруа қожалығының ауласына жұмысшыларға арналған шағын жатақхана да салынған. Қазір онда алты жұмысшы бар. Кәсіпкер үш ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосыр отыр.

«Қазір Ырғыз ауданында да мал ұстап отырмын. Алғашында мал шаруашылығын дамытуды Кеңқияқ ауылынан бастадым. Ол жақта жер аздығына байланысты кәсібімді Ырғыз ауданында жалғастырдым. Қазір Алға ауданы әкімдігі тарапынан да қолдау болып жатыр. Мен осы жылқы етін бордақылау алаңын жүргізу үшін әкімдіктен 11 гектар жер алған болатынмын. Болашақта қой, сиыр бордақылауды қолға аламыз. Бәріміз де қазақпыз. Семіз жылқы етін сұрайтындар көп. Көбіне Алматы жақтан сұраныс келеді. Біз малды соямыз, бөшкеге тұздап, қазысын айналдырып сатамыз. Алдағы уақытта бұдан да жақсартуды көздеп отырмыз. Енді етті тұздаған соң кептіріп, арнайы пакеттерге салып сатуды көздеп отырмыз», — дейді кәсіпкер.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: