Ақтөбеге 150 жыл: Алға ауданы сыйлықты дайындауға кірісті

 

Алға ауданы Әлия Молдағұлова даңғылындағы саябақты жөндеп береді. Бұл жұмыстарға 154 миллион теңге жұмсалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Алға ауданына пресс тур ұйымдастырылып жатыр. Алға ауданы алдымен Ақтөбе қаласына беретін сыйлығын көрсетті. Мәңгілік алау маңындағы саябақты жөндеу, қалпына келтіру жұмысы басталды. Қазір ағаштарды кесу жұмысы жүріп жатыр.

«Мәңгілік алау алаңы маңындағы саябақты жөндеу жұмысы басталды. Аумағы — 9 мың ш.м.​ Алдағы уақытта жерге төселген тастар ауыстырылып, орындықтары жаңартылады. Шамдар орнатылады. Тапсырма бойынша маусым айында құрылыс жұмысы аяқталады», — деді Алға қаласының әкімі Нағымжан Алдияров.

Айта кетейік, мұндағы балалар алаңы мен спорт алаңы сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: