Ақтөбедегі қаптама фабрикасының өнімдеріне өзге өңірлерден сұраныс бар

Ақтөбенің Алға қаласында құрылыс материалдары мен тағамға қажетті қап шығарылып жатыр. Өзге өңірден сұраныс бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбелік кәсіпкер Алға ауданында қаңырап тұрған ғимартты жөндеп, қап шығарып жатыр. Бұл өңірдегі жалғыз қаптама фабрикасы.

«2017 жылы ғимаратты алып, қаржы салдым. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы арқылы ақша алып, «Даму» қорымен субсидияланды. Әзірге Ақтөбе өңіріндегі жалғыз фабрика. Цемент, ұн, күкіртке қажетті қап шығару үшін қажетті құралдар Қытай, Италия, Австрия елдерінен әкелінді», — деді «Қаптама индустриясы» ЖШС-нің директоры Әбдумәлік Райымбергенов.

Қазіргі кезде Семей, Алматыдан тапсырыс бар. Қаптама фабрикасында 15 адам жұмыс істейді. Алға аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысшыларды оқытып алды әрі әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Мұнда айына 500 мың қап шығара алады. Қазір фабрика өз қуаттылығының 35 пайызын ғана қолданып отыр. Шикізатты Павлодар мұнай химия зауыты мен ресейлік компаниядан алады. Жоба құны — 150 миллион теңге.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: