Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

31 қаңтар, бейсенбі күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе қаласында ауа сапасының нашарлайтыны болжанады. Еліміздің басқа қалаларында атмосфераның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ластаушы деңгейдің қалыптасуын анықтайтын маңызды фаторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: