АҚШ-тағы таланттар шоуы: Димаш 3 ақпанда өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген 3 ақпан күні америкалық The World’s Best таланттар шоуында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәрін басынан бастау керек пе? Тәуекелге бел бумасаң жеңіске жете алмайсың. Уақыт келген сияқты. 3 ақпан. Америка. «CBS» арнасында жаңа шоу. Бұл менің соңғы конкурсым», — деп жазады Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, танымал америкалық The World’s Best шоуына тағы бір қазақстандық Данэлия Төлешова қатысуда.

Аталған әлемдік таланттар байқауының әділ қазылар құрамында қазақстандық продюсер Гауһар Нұртас бар. Ол Димаш пен Данэлия америкалықтарды қайран қалдырды деп пікір білдірген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: