Алғадағы химиялық зауыттан қалған қалдықты жою үшін 7,7 миллиард теңге керек

Ақтөбенің Алға ауданындағы химиялық зауыттан қалған қалдықты жою қажет. Бұл үшін 7,7 миллиард теңгеден астам қаржы сұралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Алға ауданындағы химиялық зауыттың орны әлі тазартылмай тұр. Жобалық-сметалық құжат әзір, 7 миллиард теңгеден астам қаржы қажет.

«Республикалық бюджеттен қаржы сұралды. Егер зауыт орны тазартылса, ол жерге көлік-логистикалық орталығын салу жоспарда бар. Аумағы – 300 га», — деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: