Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін кәсіпкерлердің жарнасы өзгерді

Бұдан былай жеке кәсіпкерлер 2020 жылы ең төменгі жалақыны 2-ге емес, 1,4-ке көбейтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес Қорға төленетін жарна мөлшері өзгерді. Медицина саласындағы өзгерістер жайлы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақтөбедегі филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова баяндап берді. Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлердің өз атына төлейтін жарна мөлшерін анықтау механизмі өзгеріп кетті.

«Былтыр 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер өздері үшін 2 еселенген ең төменгі жалақының 5 пайызын төлейді деп халыққа түсіндірдік. Сол кезде ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгені құрады. Бірақ жаңа жылдан бастап оның мөлшері 42 500 теңге болып өзгерді. Сондықтан бұдан былай жеке кәсіпкерлер 2020 жылы ең төменгі жалақыны 2-ге емес, 1,4-ке көбейтеді. Яғни, кәсіпкерлер өздері үшін 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5 пайызын төлейтін болады. Бұл шамамен 2 975 теңгені құрайды», — дейді филиал директоры Гүлмира Қожаниязова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: