Петр Порошенко сайлауға қатысатынын мәлімдеді

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко алдағы сайлауға кандидат ретінде қатысатынын жариялады. Бұл мәлімдемесін Порошенко 29 қаңтарда Киевте өткен «Круттан Брюсселге дейін. Біз өз жолымызбен кетіп барамыз» атты форумда жасады. Крутта 101 жыл бұрын, 1918 жылдың 29 қаңтарында украин отрядтары большевиктерге қарсы соғысқан еді.

Порошенко алдағы сайлауда жеңсе Украинаның Еуропа одағына кіруіне ресми өтініш жасайтынын айтты. Ол «ел Еуропа одағы мен НАТО-ға қарай алған бағытының ауытқымауы үшін сайлауға қатысамын» деген. Порошенко сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде қатыспақ.

Бұдан бөлек форумда Порошенко бақталастарын да сынап өтті. Ол Юлия Тимошенконы Венесуэла президенті Николас Мадурамен салыстырып, «популист» деп сөкті.

Украинада президент сайлауы 31 наурызда өтеді. Жеңіске жеткен кандидат елді 2024 жылға дейін басқармақ. Қазірге дейін 22 кандидат тіркелген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: