Ақтөбенің 150 жылдығына орай қалада гір көтеруден ел чемпионаты өтеді

Ақтөбе қаласында гір тасын көтеруден әлем жарыстарын жеңіп келген спортшылар жиналады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

22-23 ақпанда Жекпе-жек сарайында гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл жарыс Ақтөбенің 150 жылдығына орай ұйымдастырылады.

«Негізі биыл ел чемпионаты бізде емес, басқа қалада өтуі керек еді. Бірақ гір спортының федерациясына өтініш беріп, қаланың мерейтойына байланысты Ақтөбеде өтуін сұрадық. Федерация өтінішті қабылдады. Бұл жарысқа тек елдің үздіктері емес, әлемнің мықтылары да қатысады. Себебі Қазақстан құрамасының сапында Әлем біріншілігін жеңген спортшылар бар», — дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.

Айта кетейік, бұл сайысқа 16 жыл бойы ешкімге дес бермей келе жатқан ақтөбелік Евгений Гончаров та қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: