Панасыз ақтөбелік құдықтың ішінде өртеніп кете жаздады

Көрнекі фото

Құдықта тұратын панасыз ақтөбелік темекі тартып, матрасты өртеп алған, деп хабарлайды Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

28 қаңтар күні Ақтөбе қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері панасыз адамды құтқарып қалды.

Қалалық балалар ауруханасы аумағындағы «Трансэнерго» АҚ-ның жылыту желілер құдығында өрт шыққаны туралы хабарлама 13:02-де түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 13:10-да жетті. Өртті сөндіруге 11 адам және 3 техника жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру қызметі жеткенше аурухана жұмысшылары жылыту желілері құдығына қар тастап, өртті өз беттерінше сөндірмек болған. Өрт сөндірілді, кейін құдық ішінде ес-түссіз жатқан адамды байқадық. Көлемі 4 ш.м. болатын матрастың жануы салдарынан 1980 жылғы азамат иіс тиіп уланып, жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр», — дейді Ақтөбе қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейсенбай Әбдінағиұлы.

Тілсіз жаудың тұтануына темекі тұқылы себеп болған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: