Нұрғиса Тілендиевтің қызы Ақтөбе сахнасында өнер көрсетеді

Ақтөбеде «Үш бәйтерек» концерті өтеді. Концертке Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева, дирижер Нарын Қажығалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раушан Мұсаходжаева және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жоламан Тұрсынбаев қатысады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония 75 жылдық мерейтойы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай үлкен концерт ұйымдастырылады. Концерт 2 ақпан күні Өнер ортадығында өтеді. ҚР Халық әртістері, А.Жұбановтың шәкірттері, дирижерлар, қазақтың әйгілі күйші композиторы Н.Тілендиев, Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Ш.Қажығалиев және А.Мырзабековтердің шығармашылықтарына арналған «Үш бәйтерек» атты концерті «Өнер орталығы» сахнасында өткізіледі. Кеш қонақтары осы ұлы есімдердің ізін жалғастырушылар Н.Тілендиевтің қызы, қазіргі таңда «Отырар сазы» оркестірінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, Халықаралық байқаулардың лауреаты, дирижер Нарын Қажығалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раушан Мұсаходжаева және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жоламан Тұрсынбаев келіп, өнер көрсетеді. Сонымен қатар концертке А.Жұбанов атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, бас дирижері, ҚР мәдениет үздігі Мадина Қабижанова) қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: