Димаш Құдайберген Қазақстанда жеке концертін бермек

Димаш Құдайберген Астана күні қарсаңында «Астана Арнау» деген атпен жеке концертін береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Концерт төрт-бес бөлімнен тұрады. Димаш отандық және шетелдік сазгерлердің, сонымен қатар өзінің авторлық туындыларын орындайды.

Әнші кеште қазақ, ағылшын, француз, ханзу, орыс, итальян тілдерінде ән айтпақ.

Димаш концертті еліне, халқына арнағысы келетінін жеткізген.

«Бұл менің Астана күніне арнайы тартуым болмақ», — деді ол.

Толық ақпарат концерт жақындаған кезде қосымша хабарланатын болады.

Пікір қалдырыңыз