«Zhas Project»: ақтөбеліктер 163 жобаны іске асырды

Жас кәсіпкерлерге мол мүмкіндік сыйлаған «Zhas project» жобасы нәтижелі болды. Облыс көлемінде 163 бастама іске асырылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл бойы жүзеге асырылған жобада 531 ақтөбелік жас түрлі кәсіптің алғашқы кезеңінен өтті. Жұмысын жүргізу үшін қайтарымсыз миллион теңге несие берілген.

«Жалпы облыс бойынша барлығы 163 жоба қорғалды. Оның 44-і Ақтөбе қаласында жүзеге асырылды. Алғашқы алты айында әлеуметтік топтарға тегін қызмет көрсетті. Көбі қызмет көрсету саласы бойынша грант ұтып алған», — дейді облыстық жастар саясат басқармасының басшысы Нұрлан күнтуов.

Уақыт аяқталғанымен, жоба жалғасады. Жұмысты тоқтатпау үшін мемлекет тарапынан қосымша қаржы қарастырылады.

«Ендігі мақсат — өз ісін ашқандарды әрі қарай қолдау білдіру, жалғастыру. Кәсіпкерлік басқармасына облыс әкімі тапсырма берді. Жас кәсіпкерлер үшін қолдау болады. Бір жақсысы, берілген гранттың қаржысына алған құрылғылары мен қондырғылары бар. Алға қарай жұмыс жасау оңай деп есептеміз. Сол арқылы облыстағы шағын — орта бизнесті дамыта аламыз», — дейді Нұрлан Күнтуов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: