Димаш Құдайбергенге «Ақ жаңбыр» әнін арнаған сазгер өз туындысын Ақтөбе сахнасында орындады

Ақтөбеге қонақ болып келген профессор, сазгер Шәміл Әбілтайұлы талантты әншіге арналған әнін ел алдында орындап берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақ жаңбыр» әнінің өз шығу тарихы бар. Димаш Құдайбергеннің туған жеріне келген сазгер көпшілік алдында шабыт берген оқиғаны баяндап берді.

«Ақтөбелік ақын Базарбай Иманның «Ақ жаңбыр» атты кітабы қолыма түсті. Әйелім Өрікгүл екеуміз сол кітапты таласып оқыдық. Бірде әйелім «Мына ақын мықты екен, «Ақ жаңбыр» өлеңін оқып отырғанда құлағыма Димаш Құдайбергеннің дауысы келді» деп айтты. Содан ән туып, дереу нотаға түсірдім», — дейді профессор Шәміл Әбілтайұлы.

Оның айтуынша, Димаш туралы ән әншінің туған-туыстарына да ұнаған.

Әннің сөзінде:

«Былқыған бойдан тер кетіп,

Нұр құйылды селдетіп.

Көзді ашып-жұмғанша,

Қара жер кетті көлдетіп.

Сағынтып кейде шөлдетіп,

Ақ жаңбыр құйса селдетіп.

Көкорай шалғын боз дала

Жүрегін алар емдедіп» , — деген шумақтары бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: