Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов көшеде емін-еркін жүргісі келеді

Ілияс Испанов әкімдік қызметте нені ұнатпайтынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Әкім болудың жағымсыз тұсы — қалада емін-еркін жүре алмайсың. Көшеде жүрсең, бәрі «суретке түсейік» деп айтады. Көшедегі адамдар маған бір нәрсе айтқысы келіп тұрғандай қарайды», — дейді қала әкімі.

Дегенмен, Ілияс Испановтың сөзінше, әкім болудың жақсы тұсы да бар. Ол — жан-жақтылық.

«Мәселен, мен сотта, прокуратурада жұмыс істедім. Онда тек бір бағыт бойынша жұмыс істейсің. Ал әкімдікте барлық саланы қамтисың», — дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: