«Ақтөбе» футбол клубы енді Айоделе Аделейеге қарыз емес

«Ақтөбе» футбол клубы өзінің бұрынғы ойыншысы Айоделе Аделейе алдындағы қарызын жапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтөбені» Самат Смақов басқарғаннан кейін бәрі реттеле бастады. Соған алғысым шексіз.Саматтың сөзіне сеніп, клубтың өтінішін орындадық. Олар да уәдесінде тұрды. «Ақтөбеге» ешқандай айыппұл қолданбасын деп ФИФА-ға хат жібердік. Клуб ойыншының алдында барлық міндеттемелерді орындады», — деді Аделейенің агенті Дмитрий Селюк.

Еске сала кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы Аделейеге 300 мың доллар қарыз болды.

Аделейе «ақ-қызылдардың» қатарына 2015 жылы грекиялық чемпионаттан келіп, бір ғана маусым ойнады. Сол уақыттың ішінде ол 25 матч ойнап, команда құрамындағы маусымның ең үздік ойыншысы атанды. Алайда, ол қола медаль жеңіп алғаннан кейін клубтан кетіп қалды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: