Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобустың дизельдік отыны қатып, көмек көрсетілді

Ақтөбелік полиция қызметкерлері дизельдік отыны қатып, аязды күні жолда қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға кеше болды. Жол-патрульдік ротасының взвод командирі Манас Аманғосов пен аға инспекторы Мұратбек Қуанышбаев «Самара-Шымкент» тасжолында автобус жолаушыларына көмектесті. Жол жиегінде тұрған автобустың 43 жастағы жүргізушісі дизель отыны қатып, қозғалыс тоқтатылғанын айтқан. Сол кезде далада -27 градус аяз болды. Ал автобус ішінде 46 жолаушы болды.

«Жолаушылар автобусы Шымкенттен Ресейдің Уфа қаласына бағыт алған. Дизель отыны қатып, жолда тұрып қалды. Полиция қызметкерлері жақын маңда жүрген әріптестеріне қысқы отын әкелуді сұрады. Автобусқа жанармай құйылып, автобус полиция қызметкерлерінің көмегімен Ресей шекарасына дейін жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: