Істі болған жастар мен студенттер футболдан жолдастық кездесу өткізді


Ақтөбеде пробациялық бақылауда жүрген жастар мен студенттер арасында жолдастық кездесу өтті.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробациялық қызметі мен Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы қар үстіндегі шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында студенттер мен сотталып, пробациялық бақылауда жүрген жастар өзара мықтыны анықтады.

«Ақтөбе политехникалық колледжінің «Жас сақшы» атты студенттерден құралған еріктілер тобы, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері және Ақтөбе қаласы, Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 14-29 жас аралығындағы сотталғандар футбол ойнады. Істі болған жастарды тәрбиелеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды», — деді Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азамат Наукенов.

Турнирге қатысушы командалар алғыс хатпен марапатталды. Пробация қызметі құқық қорғау органдарының тіркеуіне алынып, бақылауда жүрген жастарды спорттық, мәдени шараларға қатыстыру жұмыстарын жалғастырады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: