Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы: Мен Астанадан да салқын аймақта тұрғанмын

Əлемге əйгілі қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы астаналықтар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін 24 қаңтар күні Астанадағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Айшолпан Нұрғайыпқызы Елбасымен кездескені жайында айтып, арманы орындалғанын жеткізді.

«Атамекенімде білім алып жүргеніме өте қуаныштымын. Елбасыны көріп, арманым орындалды. Шыны керек, қобалжып тұрдым. Астана мен үшін салқын емес, керісінше, жылы. Мен бұдан да салқын аймақта тұрдым», — дейді бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Еске сала кетейік, əлемге аты шыққан бүркітші қыз Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінде білім алып жатыр. Үлгерімін жақсарту үшін оқушы қыз қосымша сабақтарға барып жүр. Айшолпан Нұрғайыпқызы шетелдің жоғары оқу орнында білім алғысы келеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: