14 млн теңгені шекарадан алып өтпек болған қазақстандық әйел ұсталды

Қорғас бекетінде декларацияланбаған ақшамен шекарадан өтпек болған қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Қорғас шекара жасағының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығында 1981 жылы туған қазақстандық әйел ұсталды. Ол 2019 жылғы 23 қаңтарда, сағат 8-дер шамасында қалтасындағы 14 млн теңгемен орталық аумағына кірмекші болған. Бірақ қолындағы ақшасы декларацияланбаған болып шықты. Тәркіленген ақша актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды» делінген хабарламада.

Дәл осындай жағдай үш күн бұрын Алматы қаласының халықаралық әуежайында да болған еді. 20 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында «Алматы» шекаралық бақылау жасағының шекарашылары «Алматы — Ыстанбұл» бағытымен ұшқалы тұрған ТК — 353 әуе рейсінің жолаушыларын тексеру барысында 36 жастағы қазақстандықтан декларацияланбаған 13 мың АҚШ долларын тауып, актілеп, «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: