Журналистер Одағына мүше болған ақтөбелік имам өңірдегі діни қайраткерлер жөнінде кітап жазуды қолға алды

Халықаралық Журналистер Одағының мүшесі атанған Нұрлыбек Мұсағалиұлы Темір ауданы Шұбарқұдық кәсіпшілігі мешітінің бас имамы қызметін атқарады. Шығармашылыққа жақын имам аудан тарихындағы  діни қайраткерлер туралы кітап жазбақшы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Имамдылық пен шығармашылықты қатар алып жүрген  имамға аудан әкімі бастама берген.  Кітапты баспадан шығарып беруді де өз жауапкершілігіне алған.

«Аудан әкімінің ұсынысымен ислам дінінің өңірде таралуы, мешіттер мен әулиелердің, діни қайраткерлердің тарихын жинақтауға кірістім. Кітапханаларды аралап, көпті көрген ақсақалдарға барып деректер іздестіруге кірістім. Бір жылдың ішінде үлкен дүние жасап шығуға болады. Жинаққа тек өткен кезеңнің  діни тарихы емес, тәуелсіздік жылдарында ауданда қызмет еткен имамдар туралы жазылады», — дейді Шұбарқұдық кәсіпшілігі кентінің бас имамы Нұрлыбек Сабырғалиев.

Белсенді имам жақында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына мүше болып тіркелген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: