Пара алған ақтөбелік шенеунік төрт жылға сотталды

Бүгін Ақтөбе облыстық ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары Қалмағанбет Рақметовке сот үкім шығарды. Мемлекеттік қызметкердің 1,5 миллион теңге пара алғаны сотпен дәлелденді.

Оқиға 2018 жылдың көктемінде басталған. Аталмыш мекеме мамандары облыстық перинатальдық орталықтың қаржылық бөлімін тексереді. Ішкі аудит департаментінің мамандары 77 миллион теңгеге қатысты құжаттардан түсініспеушіліктер анықтайды. Шенеунік құжат олқылықтарын реттеу үшін сыйлық сұраған.
Облыстық перинатальдық орталықтың бас дәрігерінен 1,5 миллион теңге сұраған басшыны агенттік қызметкерлері оқиға орнынан ұстады. Бір сөмке ақша мемлекеттік қызметкердің үстелінің тартпасынан табылған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: