Ақтөбенің шалғай ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақтөбенің Мұғалжар ауданы, Жұрын ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында іске қосылған дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады. Мұнда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Күндізгі стационарда 6 кереует бар. Бұл амбулатория созылмалы ауруға шалдыққандарға ем қабылдауға ыңғайлы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігерлері ауылға барып,  кестеге сәйкес ем жүргізеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: