Димаш ақтөбеліктерге ерекше тосынсый жасайтынын айтты

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығына тосынсый жасайды. Бұл жолы ашық аспан астындағы концертті қала тұрғындары мен қонақтар түгел тамашалай алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы 150 жылдыққа орай түрлі сый қабылдап жатыр. Биыл қалада Есет батыр, Ер Едіге, Жалаңтөс Баһадүр, Бөкенбай, Сартай батырлар мен Бауыржан Момышұлына, Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылады. Қаланы абаттандыру мен безендіру басты назарда болады.

Облыстағы 12 аудан да өз сыйын береді. Мәселен, Алға ауданы Молдағұлова мен Тургенев көшесі қиылысындағы свкерді жаңартып, ғимараттарды жөндейді. Келісім жасалды. Мұғалжар ауданы Батыс-2 ықшам ауданындағы тәуелсіздік көшесінде Бауыржан Момышұлының ескерткішін орнатады. Мәртөк ауданы Есет батыр көшесіндегі скверді қалпына келтіріп, үш ауланы абаттандырады. Қобда ауданы Едіге батырға ескерткіш қойып, сол көшені қалпына келтіреді. Шалқар ауданы Ә. Молдағұлова даңғылы мен С. Бәйішев көшесінің қиылысына Шалқар ауданының алаңын салып береді. Темір ауданы Сәңкібай батыр даңғылында жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырады. Байғанин мен Ойыл ауданы Бөкенбай батыр көшесіне жауапты болса, Қарғалы ауданы Бөкенбай батыр ескерткіші маңындағы жолды жөндейді.

Әйтеке би мен Ырғыз аудандары Болашақ ауданында сквер жасайды. Ал ақтөбеліктер үшін ең үлкен сый Димаш Құдайбергеннің ашық аспан астындағы концерті болмақ.

«Тамыз-қыркүйек айының бірінде Димаш Құдайберген келіп, «Бақытты бала» конкурсына қатысады. Ашық аспан астында өтетін концертті ұйымдастыру ойын анасы Света Айтбаева арқылы айтып жіберді», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: