Ақтөбеде заңсыз жүрген 52 шетел азаматы елден шығарылды

Көрнекі фото: РИА новости

Ақтөбеде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтті. Бар болғаны 4 күнде ел заңнамасын бұзған 52 шетелдік анықталды.

Қаңтардың 16-20 күндері аралығында еліміз бойынша «Мигрант» алдын алу шарасы өтті. Бар болғаны 4 күнде 400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 335-і шетел азаматы. Заңсыз жұмыс күшін пайдалану да тіркелді.

«Барлығы 52 шетел азаматы шекарадан шығарылды. Бір адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол елден шығару туралы сот шешімін орындамаған», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: