Ақтөбеде белгісіз адам жолсерікті ұрып, ақшасын тартып алды

Ақтөбедегі арнайы күзетпен бақылауға алынған жолаушылар вагонының тұрағында жолсерікке қарақшылық шабуыл жасалды. Жолсеріктің қомақты қаржысын иемденбек болған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқыс оқиға 17 қаңтар күні жергілікті уақытпен кешкі сағат 17:20-да темір жол вокзалы аумағында тіркелген. Жұмыстан үйіне кетіп бара жатқан жолсерікке белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасап, қолындағы қомақты қаржы салынған сөмкесін тартып алып қашқан. Қылмыстық оқиға дер кезінде әшкереленіп, күдікті қолға түсті. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» мекемесінің Ақтөбе атқыштар командасының күзетшілері қашып бара жатқан күдіктіні ұстады.

«Жұмыстан үйге бара жатқан жолсерікке белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасаған. Оны ұрып, қолындағы қомақты қаржы салынған сөмкесін тартып алған. Қашып бара жатқан адамды күзетшілер ұстап алып, темір жол полиция мамандарына тапсырды»,- дейді Ақтөбе атқыштар командасының топ басшысы Нұрбек Нағашыбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: