Әлем чемпионы Галиб Джафаровты дайындаған бапкер тағы да чемпион тәрбилеп шығарды

Ақтөбелік Ксения Древал Сербияда өткен халықаралық турнирде алтын жүлдеге ие болды.

Сербияда бокстан жасөспірім қыздар арасында «Ұлттар Кубогы» халықаралық турнирі өтті. Ақтөбелік боксшы Ксения Древал +80 кг салмақ дәрежесінде халықаралық чемпион атағын жеңіп алды.

«15 жастағы Ксения Древал финалдық кезеңде Словения елінің қызымен кездесіп, қарсыласын аса басымдылықпен тізе бүктірді. Ксенияның жеке бапкері 2003 жылы Әлем чемпионы Галиб Джафаровты дайындаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлімбек Балмағамбетов», — деп хабарлады облыстық спорттың баспасөз қызметі.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Бокстан «Ұлттар Кубогы» халықаралық турнирі Сербияның Сомбор қаласында 14-21 қаңтар аралығында өтті.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: