Жолдас Қалмағанбетов әкім болғалы шеше алмай жүрген мәселелерін айтты

Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов инстаграм әлеуметтік желісінде тұрғындармен тікелей эфирде тілдесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

20 қаңтар күні @temir_akparat парақшасында тікелей эфирге шыққан Жолдас Қалмағанбетов халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Оқша жауған сұрақтардың біреуін де жауапсыз қалдырмауға тырысқан әкім ауданда шешілмей жүрген мәселелерді ашық айтты.

Соның біреуі – қаңғыбас иттер. Салдарынан тұрғындар балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқады. Екіншісі – қоғамдық көлік.

«Бір айдың ішінде көлік мәселесі шешіледі. Шұбарқұдық ауылында ГАЗель жүретін болады», — деді Жолдас Қалмағанбетов.

Үшінші мәселе – мұғалімдердің уақытылы жалақы алмауы. Мұғалімдер «заң бойынша еңбекақы келесі айдың 10-на дейін төленуі керек» деп тікелей эфирде пікір қалдырып жатты.

Еске сала кетейік, аудан әкімдері арасында бірінші болып Жолдас Қалмағанбетов инстаграм арқылы тікелей эфирге шықты. Әкімі әлеуметтік желіде сұрақтарға жауап беруді әдетке айналдыратынын айтты.

Бұған дейін Ілияс Испанов ақтөбеліктердің оқша жаудырған сұрақтарына жауап берген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: