Темір ауданында «Анаға тағзым» қоғамдық қоры құрылды

Облыс басшысының бастамасымен былтыр өңірде «Анаға тағзым» жобасы жүзеге асырылды. Биыл бұл бастаманы жалғастырған Темір ауданы арнайы қор ашты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл қордың мақсаты — көп балалы аналарға жан-жақты қолдау білдіріп, материалдық және әлеуметтік жағынан әйел азаматтарға қолұшын созып, қоғамға бейімдеу. Ауданның беделді аналар қауымы қордың құрылтайшылары болды.

«Облыс басшысы «Анаға тағзым» деген үлкен жобаны бастап, арнайы ғимарат салдырды. Ауқымды жұмыстар атқарды. Біз соны бір жылдық мәселе болып қалмасын деген ниетпен қоғамдық қор құрдық. Қор аясында көп балалы аналарды үймен қамту, кәсіпкерллікке баулу, жан- жақты қолдау көрсетіледі. Елге танымал данагөй аналарымызды шақырып, әртүрлі кездесулер мен тренинг сабақтар жүргізіледі», — дейді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов.

Қордың және кәсіпкерлердің демеушілігімен алдағы 8-наурыз мерекесіне орай Шұбарқұдық кентінде «Анаға тағзым» ескерткіші орнатылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: