Өзбекстанда Ислам Каримовтың ұшағы сатылды

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов мінген British Aerospace Avro RJ85 ұшағы

Өзбекстанда 1997 жылы ел билігіне әдейі арнап құрастырылған Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі үш ұшақтың бірі сатылды деп хабарлайды AviaSpotter сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі.

British Aerospace Avro RJ85 (борттық нөмірі UK-80001) ұшағын Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пайдаланған. Бұл ұшақпен Каримов 1997-2013 жылдар аралығында елдің түрлі аймақтарына және жақын елдерге ұшқан. Сайттың хабарлауынша, UK-8002 және UK-80003 ұшақтары да сатылуға дайын тұр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: