Енді шетелде емделу тәртібін Денсаулық сақтау министрлігі емес, Медициналық сақтандыру қоры басқарады

Халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында медицина саласына қомақты қаржы құйылмақ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақтөбедегі филиалының мәліметінше, елімізде емханалық-амбулаторлық көмекті дамыту үшін 13 млрд теңге бөлінеді. Соның ішіне учаскелік дәргерлер мен терапевтердің жүктемесін азайту және созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы мен тарифті ұлғайту кіреді.

Сондай-ақ, 8,8 млрд теңге онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталған. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі басқарған шетелде ем қабылдау мен бірегей жоғары технологиялық қызметтер Сақтандыру қорының құзырына көшті. Сол үшін 5,6 млрд теңге қарастырылған.

«Министрліктің бір қызметі Қордың құзырына өтуі – Қордың сапалы жұмысын көрсетіп отыр. Яғни министрлік Қордың жылдам әрі тиімді жұмысын көріп, маңызды қызметті бізге жүктеп отыр», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының бас сарапшысы Қамбар Мұқашев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: