Басшының кемшілігі – сылтау іздеу – Сапарбаев

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлерді тексере алмай, қолы жіпсіз байланып отырған мемлекеттік мекеме басшыларына қоғамдық ұйымдардың көмегіне жүгінуді тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлерді ретсіз тексеруге мораторий жарияланып, мемлекеттік мекемелер прокуратурадан рұқсат сұрап жүр. Прокуратура рұқсат берсе ғана барып, жұмыстың ретін қарай алады. Сонымен қатар тұрғындардың жазбаша арыз-шағымы маңызды. Ол тексеру жүргізудің тағы бір жолы – қоғамдық ұйымдардың көмегіне жүгіну.

«Басшының үлкен кемшілігі – сылтау, себеп іздеу. «Тексере алмаймыз» деп айтады. Қоғамдық ұйымдар не үшін керек? Басшылардың тағы бір жаман әдеті – ұрыстың ба, сұрадың ба жасайды, екі айдан кейін ұмытып кетеді. Қайта айтып, ұрысып отыру керек. Бұл дұрыс емес. Жұмыс жүйелі жүруі тиіс. Тоқсан сайын қарап тұрса, бәрі ретімен жүреді», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: