Ақтөбеде жыл басталғалы 30 өрт оқиғасы тіркелді

Төтенше жағдай департаментіндегі жауапты мамандардың айтуы бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34,8 пайызға азайған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Апатты жағдайлардың негізгі шығу себебі тұрғындардың салғырттығынан және қауіпсіздік шаралардың сақтамауынан болып отыр.

«Ақтөбе қаласы бойынша 13 өрт жағдайы тіркеліп, оның тоғызы тұрғын үй секторында, қалғаны автокөліктерде болған. Тұрғын үйлердің бірінде болған өрттің салдарынан төрт адам уланып, пиротехникалық өнімдерді ұқыпсыз пайдалану кезінде бір адамды күйік шалды», — дейді Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: