Ақтөбеде 30 жылдан бері шылым шегіп жүргендерге арнайы скрининг енгізілді

Ақтөбе облысы бойынша өкпенің қатерлі ісігі дертінен 93 адам көз жұмды. Облыста 55 жастан асқан, 30 жыл бойы шылым шегетін адамдар арнайы скринингтен өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өткен жылы Ақтөбе облысы бойынша өкпенің қатерлі ісігінен 93, асқазан дертінен 79, өңеш обырынан 55 адам көз жұмды. Сондықтан өкпенің қатерлі ісігінен алдын алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев арнайы скрининг енгізілгенін жеткізді.

«Онкологиялық аурудың алдын алу, ерте анықтау үшін өкпені компьютерлі томографияға түсіруді жоспарлап отырмыз. Жаппай скрининг кезінде 55 жастан асқан, 30 жыл бойы шылым шегетін адамдар қамтылады. Аудандарда да анықтау жұмысы басталды. Ақтөбе медициналық орталығы келесі аптадан бастап жұмысты қолға аламақ. Жобамен 10 мыңға жуық адам қамтылады», — деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: