Ақтөбеліктер Әлия Молдағұлованы еске алды

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 75 жыл толды. Әлия ауылында еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Дәстүрлі шара осымен 44-ші рет өтті. Ақтөбеліктер ескерткіш жанына тағзым етіп, гүл қойды. Әлия ауылдық мәдениет үйінде «Батыр ару — Әлия» қойылымы көрермен назарына ұсынылып, әрі қарай «Әлия» патриоттық орталығында дастархан жайылды. Батырдың рухына құран бағышталды.

«Осы шараны 44 жыл бой ұйымдастырып келеміз. Әлі де жалғасын табады. Арнайы батыр қыздың сіңілісі де қатысып жатыр. Ерліктің ерекше үлгісін көрсеткен Әлия ешқашан ұмытылмайды», — дейді «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: