«Бастау» жобасы: Ақтөбеде 500-ден астам адам кәсібін ашты

Ақтөбеде «Бастау» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрғын кәсіпкерлік негіздерін оқыды. 500-ден астам адам кәсібін бастау үшін 1,3 миллиард теңге несие алды.

Бизнес шартарын үйрену курсына қатысу үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, тест сұрақтарына жауап беруі тиіс. Оқу мерзімі — 20 күн. Сабақ маркетинг, салық, заң талаптарын қамтитын 12 модульден тұрады. Өткен жылы 500-ден астам адам 1,3 миллиард теңге көлемінде несие алып, ісін бастады. Сонымен қатар, жобаны бітірген түлектер 100 АЕК көлемінде бір реттік арнайы грант иемдене алады.

«Бастау» жобасы осы жылы да жалғасады. Кәсіпкерлік сабақтарына қатысушылар тегін оқиды және осы уақыт аралығында тыңдаушыларға шәкіртақы қарастырылған. Былтыр «Бастау» жобасының 6 кезеңі өткізіліп, тыңдаушылардың 400-ге жуығы облыстық комиссия алдында бизнес-жоспарларын сәтті қорғады», — дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жаңа-айым Келбатырова.

Өңірімізде «Бастау» жобасы аясында Қобда ауданының тұрғыны Александр Красильников ара шаруашылығын іске қосып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Кәсіпкер сүйікті ісін табысты бизнеске айналдыру жолдарын «Бастау» жобасынан үйренгенін айтады. Бүгінгі күні оның омарталарында 200 мың ара бар. Сонымен қатар, Темір ауданы бойынша қаз шаруашылығы, макарон, кондитер цехтары, жылыжай, Мәртөк ауданында токарь цехы, Ырғыз, Ойыл аудандарында жиһаз жасау цехы, Қарғалыда кемпинг құрылысы мен Мәртөк ауданында түйе шаруашылығы қолға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: