Ақтөбеде студенттер арасында жазғы универсиада ойындары өтеді

Жоғарғы оқу орындары арасындағы X универсиада ойындары Ақтөбе қаласында өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жастар жылына орай Ақтөбе қаласында екі жыл сайын өтетін универсиада ойындары болады. Еліміздің әр түкпірінен 60-тан астам жоғарғы оқу орнынан 2 мың студент келеді деп күтілуде.

«Еліміз бойынша екі жылда бір ұйымдастырылатын шарада спорттың 18 түрінен студенттер сынға түседі. Жеңімпаздар республикалық құрамаға кіріп, универсиада ойындарының әлемдік кезеңіне жолдама алады. Облыс намысын қаламыздағы алты жоғарғы оқу орнынынң студенттері қорғайтын болады», — дейді облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ауқымды шара осы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: