Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 93,9 пайызға жетті

Көрнекі фото: Kazpravda.kz

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы бір жылдық жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл сайын қазақ тілін меңгеретін адамдардың саны артуда. Басқарманың мәліметінше, 2013 жылмен салыстырғанда былтыр мемлекеттік тілді үйреніп, оқығандардың үлесі 93,9%-ға жетті.

2018 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша 6 мыңнан аса ақтөбелік қазақ тілін қаншалықты білетіндерін анықтаған. Соның нәтижесінде тест тапсырғандардың тек 2,6%-ы ғана ең жоғарғы көрсеткішке жетті, қалғандары орта және базалық деңгейді көрсетті. Ақтөбеліктер тестті онлайн нұсқада тапсыруда белсенділік танытты, мыңнан аса тұрғын интернет арқылы білімін тексерген.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар саны 132-ден 42-ге дейін азайған. Басқарма тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы жер-су атауларын өзгерту жөніндегі 32 пікірлерін де қарастырған. Алға ауданының тұрғындары тарапынан атауды өзгерту жөнінде ұсыныс өте көп түскен. Олар былтыр 112 ұсыныс жіберіпті.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, облыс тұрғындарының 24%-ы үш тілді меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын).

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: