«Креативті əкім» Ілияс Испанов ақтөбеліктердің оқша жаудырған сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

 

Алғаш рет Ақтөбеде қала əкімі инстаграмда тікелей эфирге шығып, халықтың сұрағына жауап беріп отырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шаһар басшысының мұндай қадамын ақтөбеліктер ризашылықпен қабылдады. «Біздің əкім креативщик» деп халық пікір қалдырып жатты.

Тұрғындар əр түрлі мəселе бойынша сұрақтарды оқша жаудырды. Көбіне автобус, жол, тұрғын үй, абаттандыру мəселесіне қатысты сауалдар қойылды.

«Бір отбасы айына орташа есеппен 500 мың теңге табады» деген президенттің сөзіне де Ілияс Испанов түсініктеме берді.

«Бұл бір адамның емес, бір отбасыдағы бірнеше адамның табысын қосқанда шығатын сома. Əйелі, ері, отбасыдағы тағы басқа да мүшелері ақша табуы мүмкін» , — деді қала əкімі.

Сондай-ақ, Ілияс Испанов тұрғындардан воркаут алаңдарына ұқыппен қарауды сұрады.

«Біреу сырттан келіп, сол воркаут алаңдарын бүлдіріп кетпес. Ақтөбеліктерден салынған спорт нысандарына ұқыппен қарауды сұраймын. Егер біреудің спорт алаңдарын бұзып жатқанын көрсеңіз, бірден 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Біз оны əшкере қып, кім екенін көпшілікке жария етеміз», — деді əкім.

One thought on “«Креативті əкім» Ілияс Испанов ақтөбеліктердің оқша жаудырған сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: