Ақтөбеде үйде оқитын үш мыңнан астам оқушы 31 желтоқсанда сыйлық алады

Ақтөбеде мүгедек балаларға тосынсый жасалады. Барлығы 3626 оқушыға сыйлық беріледі.

25-26 желтоқсан күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 400-ден астам оқушыны құттықтап, сыйлық береді. Бақытты бала жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға Аяз ата пен Ақшақар барады.

«Үйде оқитын балаларға ерекше сый дайындалды. Акцияны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қолдады. 31 желтоқсан күні сағат 10:00-де, бір мезгілде Аяз ата мен Ақшақар балаларға барып, құттықтайды. Акцияға қатысуды қалаған адамдар қатарымызға қосыла алады», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: